Емельяненко бұрынғы UFC чемпионын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Емельяненко бұрынғы UFC чемпионын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Емельяненко бұрынғы UFC чемпионын бірінші раундта нокаутқа түсірді
ашық дереккөзі
Федор Емельяненко жеңіліске ұшырағаннан кейін 11 ай өткен соң жеңіске жетті.  Қаңтарда америкалық файтер Райан Бейдерден жеңіліп қалған ресейлік бүгін АҚШ-тың басқа спортшысымен, UFC экс-чемпионы Куинтон Джексонмен кездесті,  деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл Сайтамда (Жапония) өткен Bellator 237 аралас жекпе-жек турнирінің басты оқиғасы болды. Емельяненко бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірді. Енді ресейлік спортшының қоржынында ММА-ден 46 жекпе-жек бар, оның 39-ы жеңіспен аяқталған.Сонымен қатар, алты рет жеңілген, тағы бір жекпе-жек өтпей қалған. Айта кетейік, қоштасу туры аясында 43 жастағы Емельяненко тағы екі жекпе-жек өткізеді. «Өкінішке қарай, менің карьерам аяқталады. Мүмкін бұл менің Жапониядағы соңғы жекпе-жегім», - деді ресейлік спортшы жеңістен кейін.