Сағынтаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына барды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына барып қайтты. Бұл туралы Алматы әкімдігінің өкілі Әсет Мақажанов Instagram парақшасында жазды.

«Бүгін кешкісін апатқа ұшыраған ұшақта мерт болған: Кайырхан Тұматов, Марат Мұратбаев, Николай Асташов және Валерия Ануфриеваны ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне дайындық жүріп жатыр. Алматы әкімі олардың отбасыларына барып, көңіл айтып, қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді» деп жазды Әсет Мұқажанов.

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытымен ұшып бара жатқан Bek Air компаниясының 2100 рейсі кенет апатқа ұшырап, бетон қоршауды бұзып өтті. Артынан ұшақ екіқабатты ғимаратпен соқтығысып, 12 адам қаза болды.

Back to top button