Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Ресейде кезекті жеңісіне қол жеткізді

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Ресейде кезекті жеңісіне қол жеткізді

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Ресейде кезекті жеңісіне қол жеткізді
ашық дереккөзі
300

Екінші орта салмақтағы WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Сontinental титулдарының иегері, боксшы Айдос Ербосынұлы венесуэлалық қарсыласы Омар Гарсияны тізе бүктірді. 

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек Красноярсктегі бокс кешінің андеркартында өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Айдос Ербосынұлы мен Омар Гарсия арасындағы кездесу сегізінші раундта отандасымыздың жеңісімен аяқталды.

Жекпе-жек барысында қазақ боксшысы қарсыласына ауыр соққыларын дарытып, нәтижесінде төрешілер кездесуді тоқтатуға мәжбүр болған.

Айдос Ербосынұлы үшін бұл кәсіпқой мансабындағы 13-ші (сегіз нокаут) жеңісі болса, 29 жастағы Гарсия мансабында үшінші рет жеңіліс тауып отыр. Ол шаршы алаңда 15 рет (12 нокаут) жеңіске жеткен.

Айта кетсек, қазақстандық боксшының бұл Ресей жеріндегі екінші жеңісі. Жалпы Айдос кәсіпқой бокстағы мансабын 2015 жылы бастаған. Ол екі жекпе-жегін Украинада, тағы екеуін АҚШ-та, алты рет Қазақстанда және бір рет Австралияда өткізген.

Серіктес жаңалықтары