557
Қазақ балуаны – әлем чемпионы
Қазақ балуаны – әлем чемпионы
Қазақ күресінен VIII әлем чемпионаты аяқталды.
Елордадағы "Дәулет" спорт кешенінде қазақ күресінен өткен VIII әлем біріншілігіне 28 елден 300-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қыздар 70, 75, 75+ келі салмақ бойынша күш сынасса, ерлер 90, 100, 100+ келі салмақта өзара мықтыны анықтады. Бұл күні қазақтың балуан қыздары тек жүлделі орындардан көрінді. Ал ерлер құрамасында 90 келі салмақта сынға түскен Дастан Ықыбаев қарсылас шақ келтірмей, қазақ күресінен әлем чемпионы атанды. Ал 100 келіден жоғары салмақта қазақтың намысын қорғаған Талғат Әмренов қола жүлдені қанағат тұтты.
Жеңіске жеткендер
Қыздар арасында:
70 келі
- 1-орын Батцэцэг Цогт-Очир (Моңғолия)
- 2-орын Гедутите Ренальда (Литва)
- 3-орын Алтынай Хаби (Қазақстан)
- 1-орын Нино Одзелашвили (Грузия)
- 2-орын Туба Уна (Сербия)
- 3-орын Перизат Жақыпбекова (Қазақстан)
- 1-орын Елена Кебадзе (Грузия)
- 2-орын Нямху Нямтуа (Моңғолия)
- 3-орын Нагира Сарбашова (Қырғызстан)
- 1-орын Дастан Ықыбаев (Қазақстан)
- 2-орын Торнике Жугели (Грузия)
- 3-орын Нұрислам Ыдырысов (Қырғызстан)
- 1-орын Тілек Құралов (Қырғызстан)
- 2-орын Георгий Кобаидзе (Грузия)
- 3-орын Мансалмаа Мунхчулуун (Моңғолия)
- 1-орын Дорж Анар (Моңғолия)
- 2-орын Давити Размадзе (Грузия)
- 3-орын Талғат Әмренов (Қазақстан)