289
Қазақстанның ауылшаруашылық жерлері ғарыштан бақыланады
Қазақстанның ауылшаруашылық жерлері ғарыштан бақыланады
Ұлттық комиссия мүшелері пайдаланылмай жатқан және тиімсіз игеріліп жатқан жерлерді анықтауда және оны қайтаруда ғарыштық мониторингке көшу қажеттігін толығымен қолдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша заңда жерді қашықтықтан зондтау қадамдары ескерілген. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жерлерін ғарыштан бақылау бойынша тапсырмалар берді. Бұл бастаманы «Ауыл» партиясының өкілдері де қолдайды. Президент тапсырмасымен жердің ғарыштық мониторингі бойынша қанатқақты жоба келесі жылдың мамырына дейін іске қосылмақ.
"Қоғамдық кеңестегі әңгімеде жерге қатысты жалпы шаралар айтылды. оның ең біріншісі жаңа технологияларды пайдалану. Оның ішінде космостық мониторинг. Космостық мониторинг арқылы ауылшаруашылық жерлерінің қайсысы игерілмей жатыр. Оны анық көреуге болады. Тіпті сапасын, құнарлығын анықтауға да мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жердің игерілу дәрежесін сол арқылы анықтай отырып, игермей жатқан азаматтарға не болмаса латифунистерге игермей жатқан қожалықтарға мемлекеттік орган тарапынан талап етуге мүмкіндік тудырайын деп отыр. Бұл өте маңызды мәселе", - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев.