Дәрігерлер дөнер мен бургерді жиі тұтынатындар қандай ауруға шалдығатынын айтты

Дәрігерлер дөнер мен бургерді жиі тұтынатындар қандай ауруға шалдығатынын айтты

Дәрігерлер дөнер мен бургерді жиі тұтынатындар қандай ауруға шалдығатынын айтты
ашық дереккөзі
738
Тез дайындалатын тағамдар – халық арасында қан айналымы аурулары, қант диабеті, семіздік секілді аурулардың өсуінің бірден-бір себепшісі. Шымкент әкімінің жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысқан ақ халаттылар осылай деп дабыл қақты.  Мамандардың айтуынша, соңғы кезде жастар тез дайындалатын тағамдардың  зиянын білмей, көп тұтынып жатады. Мұндай тағамдардың қатарында фастфуд, дөнер, әр түрлі гамбургер, шаурма, лаваш, пицца, қуырылған қытырлақ картоп, және т.б. бар. Сонымен қатар, осындай тағамдарды дайындайтын орындар саны да жыл сайын өсіп келеді. Көбіне қоғамдық тамақтану орындарында майлы, калориясы, тұзы көп тағамдар дайындалады. Бұл халық арасында созылмалы инфекциялық емес аурулардың (қан айналымы аурулары, қант диабеті, семіздік, т.б.) өсуіне әкеп соғуда. Осыған байланысты мемлекеттік-жекешелік серіктестікті қолданып тез дайындалатын тағамдар орнына салауатты тамақтану индустриясын дамыту қажеттігі туып тұр. Сол арқылы отбасыға арналған мейрамхана, диеталық асхана қажеттілігі, байытылған ұнды кең қолдану мәселесі айтылды. Оны халық арасында түсіндіру жұмыстарын кең көлемде, бұқаралық ақпарат құралы көмегін қолдана отырып жүргізу ұсынылды. Басқосуда сондай-ақ, халықты спортпен айналысуға тарту мен мектеп оқушысының дене белсенділігін арттыру жайы қамтылды. Отырыс қорытындысында үйлестіру кеңесінің төрағасы және қатысушылар ұсыныстарын беріп, тиісті шешімдер шығарылды. Жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.  

Серіктес жаңалықтары