Елеусінов пен Санчес жекпе-жегі: нәтиже – нокаут (видео)

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов америкалық Алан Санчесті нокаутпен жеңді.

qwre
Сурет ғаламтордан алынды

Vesti.kz сайтының хабарлауынша, жартылай орта салмақтағы жекпе-жек Финиксте Talking Stick Resort аренасында (Аризона, АҚШ) өттi. Бокс кешiнiң басты оқиғасы екiншi орта санаттағы әлемнiң экс-чемпиондары – америкалық Дэниэл Джейкобс пен мексикалық кiшi Хулио Сезар Чавестiң кездесуi болды.

Елеусiнов-Санчес жекпе-жегi он раундқа есептелген. Алайда қазақстандық алғашқы раундтарда қарсыласының қабағын жарып, салдарынан төртiншi үшминуттықта дәрiгерлер америкалық боксшыны қарауға тура келдi. Нәтижесiнде, бесiншi раундта тағы бiр тексерiстен кейiн рефери жекпе-жектi тоқтатып, Елеусiновке техникалық нокаутпен жеңiстi бердi.

28 жастағы Елеусiновтiң бұл он жекпе-жектегi тоғызыншы жеңiсi, оның бесеуiн нокаутпен аяқтаған. 2019 жылы қазақстандық осымен төртiншi рет шаршы алаңға шықты. Оның барлығы АҚШ-та өткен.  Ал Елеусiновтен 15 күнге ғана үлкен Санчес карьерасында бесiншi рет жеңiлiс тапты. Оның қоржынында 20 жеңiс (10 нокаутпен аяқтаған) және бiр тең ойын бар. 2016 жылы америкалық боксшы WBC Continental Americas аймақтық титулын алған.

Back to top button