382
Атырау облысына жаңа әкім келді
Атырау облысына жаңа әкім келді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Махамбет Досмұхамбетов 1960 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген. 1983 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Геология және мұнай -газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген, 2016 жылы - Қазақ мемлекеттік заң университеті, іскери әкімшілік ету магистрі болған. Еңбек жолын 1983 жылы «Ембімұнай» бірлестігінің Балықшы барлау бұрғылау басқармасының геологы ретінде бастаған. Түрлі жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да бас геолог, геология және геофизика бойынша бас директордың орынбасары, геология және өңдеу бойынша бас директордың орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары - басқарма мүшесі болған.
Соңғы жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ геология бойынша басқарушы директоры - бас геолог, ірі жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары және ірі операциялық емес активтер және теңіз жобалары бойынша бас вице-президенті лауазымдарын атқарған. 2016 жылдан бері ҚР бірінші энергетика вице-министрі болды.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен, алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен, төсбелгілермен марапатталған.