«Мен қазақпын» челленджіне қосыл!

«Мен қазақпын» челленджіне қосыл!
Алматылықтар ҚР Тәуелсіздік мерекесі құрметіне басталған «Мен қазақпын» челленджін қолдады.
Қазақстанда басталған челлендж аясында, 16 желтоқсан күні Республика алаңында қала әкімшілігінің басшылығы, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері, Ардагерлер кеңесі, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, ҚХА мүшелері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері және тағы басқалар «Мен қазақпын» әнін шырқады
Бұл челлендждің мақсаты – Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне «Мен қазақпын» әнін кеңінен насихаттау, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, Қазақстан халқының достығы мен бірлігі туралы үндеу.
Айта кетейік, ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Мен қазақпын» челленджін павлодарлық оқушылар бастаған болатын.
Бұған дейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мен қазақпын» челленджін қолдаған еді.
https://www.youtube.com/watch?v=vpNBZFWNx9c&feature=emb_logo
https://www.youtube.com/watch?time_continue=2&v=cVfrybrZtqE&feature=emb_logo
aikyn.kz