Тұрғын үй мәселесі алдағы үш жылда толықтай шешілмек

/
Тұрғын үй мәселесі алдағы үш жылда толықтай шешілмек
ашық дереккөзі
Тұрғын үй мәселесі алдағы үш жылда толықтай шешілмек Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 126 көпбалалы отбасына пәтер кілті табысталған. Бұл туралы аймақ әкімдігінің Баспасөз қызметі хабарлады. Өңір басшысы құрылыс жұмысы осы қарқынмен жүретін болса, аз қамтылған азаматтардың тұрғын үй мәселесін алдағы үш жылда толықтай шешуге болатынын айтады. – Жаңа үйлер салу керек. Келесі жылы 2842 пәтерді жаңа иелеріне тапсыруды жоспарлап отырмыз. Тозығы жеткен ескі ғимараттарды бұзып, орнына жаңа «шағын қала» саламыз. Жас отбасылар мен облысқа келген мамандар қиындық көрмеуі үшін аудандардағы жылу жүйесін қалпына келтіреміз, – дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов. Айта кетейік, елімізде тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі мұғалімдер мен дәрігерлер үшін де өзекті.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары