Бүгінгі күн райы: тұман түсіп, жел күшейеді

Бүгінгі күн райы: тұман түсіп, жел күшейеді

Бүгінгі күн райы: тұман түсіп, жел күшейеді
ашық дереккөзі
337
Республиканың көп бөлігінде антициклон сақталады. Соның әсерінен еліміздің батыс және солтүстік-батыс аймағынан басқа облыстарда қар жаумайды. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, қатқақ болады. Солтүстік және солтүстік батыста жел күшейеді. 17 желтоқсан күні Қостанай облысында күн ала бұлтты болады. Жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстіктен 10 м/с жел жоғады. Түнде сынап бағаны -9, күндіз – 12-ге дейін төмендемек. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында да кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары