Криштиану мен GGG кездесті

Криштиану мен GGG кездесті

Криштиану мен GGG кездесті
ашық дереккөзі
 width= Sports.kz-тің жазуынша, данқты футболш ы Криштиану Роналду әлем чемпионы Геннадий Головкинмен бірге жаңа жобаға қатысып жатыр. Криштиану Роналду инстаграм парақшасында Туринде DAZN компаниясы үшін түсірілім жұмыстарына қатысып жатқанын жазды. Геннадий Головкин инстаграмдағы парақшасында: «Досым Криштиану Роналдумен Туринде күнім керемет өтті. DAZN-ға жаңа жоба дайындап жатырмыз», – деп жазды. Ал Криштиану Роналду «DAZN-ға арналған жаңа жобада жан досыммен бірге жұмыс істеп жатырмын. Жүздескеніме қуаныштымын, GGG», – дейді. Роналду Головкинге өз командасының футболкасын сыйға тартса, GGG футболшыға бокс қолғабын табыстады. Сурет Геннадий Головкиннің инстаграм парақшасынан