Райымқұлова райынан қайтпапты

Райымқұлова райынан қайтпапты

Райымқұлова райынан қайтпапты
ашық дереккөзі
378
Turkistan халықаралық газетінің  21 қараша күнгі санында  «Райымқұлова райынан қайтып қалған жоқ па? немесе өнер­паз­ды кім дейміз елді алдаса» деген тақырыпта мақала жа­рия­лан­ған бола­тын. Мақалада қазіргі заманғы ән­шілердің фоног­рам­маға түгел­дей иек артып, өнердің құнын түсіріп, тыңдаушыны жалықтырып отырғаны айтылған. Аталмыш мақалаға қатысты Мәдениет және спорт  ми­нистрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев редакцияға хабарласып, мәселеге ресми жауап беретіндігін жеткізген. Төменде мәдениет министрлігінің жауабын жариялап отырмыз. Табиғи өнердің тазалығын сақтау, фонограммамен ән айтудың өнерге, тың­дарман талғамына кері әсері туралы  мәселені жан-жақты зер­делей оты­­рып, сауат­ты көтерген әрі өте орын­­ды ұсы­ныс­тар айт­қан басылым­ға ризашылық біл­діреміз. Министр А.Райымқұлова өз сө­зі­нен қайтқан жоқ. Мәдениет және спорт министрлігі бұған дейін мәлім­дегендей, өнер­дегі тазалықты то­лық қолдайды. Бұл ­–  құрғақ сөз емес. Осы бағыт­та іс жү­зінде біршама жұмыстар атқа­рылып жат­қанынан хабардар еткі­міз келеді. Ең ал­дымен, министр­ліктің  бастамасымен қолд­аныстағы «Мә­дениет туралы» заңға фо­нограмма мә­селесін бақылауға және кон­церттік бағ­дарламаларды өткізу бойы­н­ша тиіс­ті өзгертулер енгізу туралы заң жо­басы әзірленді. Бұл заң жобасында орындаушыларды тыңдармандарға фонограм­ма қолданатыны жайында ескертуге міндеттеу көзделіп отыр. Ал бұл ес­керт­пелерді құзіретті орган ретінде Мәдениет және спорт министрлігі қабылдайды. Оның ішінде кез келген жарнамалық (афиша, теле-радио бағдарлама) материалдарда фонограмма пайдаланылатыны не пайдаланылмайтыны көрсетілетін болады. Осылайша, көрермен мен тың­дар­ман фонограмма қолданылатын кон­цертке бару немесе бармауды өзі шешеді. Сондай-ақ фонограммамен қойы­латын концерттік бағдарла­ма­ларға белгіленетін билет ба­ға­сына да өз әсерін тигізеді, ретке келтіреді. Сонымен қатар аталған жобада эти­ка мәселесіне, орындаушылар­дың кон­церт кезінде сахнада өзін-өзі ұстауы­на қатысты да талаптар бар. Атал­ған ұсыныстар қазіргі таңда мемлекеттік органдар тарапынан толық қолдау тауып отыр. Ал фонограмманы толық жоюға бай­ла­нысты кейбір мемлекеттік органдар тарапынан келіспеушілік бар. Деген­мен министр А.Райым­құлованың тікелей бақылауы­мен осы ба­ғытта заңнамалық мәселе­лерді реттеу жұмыстары әлі де табанды жүр­гізіліп жатыр. Сіздерге мәде­ние­тіміздің өзекті мәселелері бойынша жанашырлық танытып, сауал жол­дағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Серіктес жаңалықтары