Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды

Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды

Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды
ашық дереккөзі
416
Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған стансасында аспалы жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Амандық Баталов Қарасай ауданының Шамалған стансасындағы теміржол өткеліне облыс бюджетінен қаржы бөліп, жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір саламыз деген еді. Бүгін сол өткелдің құрылысы басталды. Жұмыс келер жылдың мамырында аяқталады. Аспалы көпірде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифт қарастырылған», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел. Көпірдің құрылысына облыстық бюджеттен 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған стансасында пойыз рельсте тұрып қалған автобусты келіп соққан елі. Апаттан автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам зардап шекті. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура бақылауына алды.  

Серіктес жаңалықтары