Тұңғыш

Тұңғыш

Тұңғыш
ашық дереккөзі
590
 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Қазақстандықтардың осы бір айтулы мерекені тойлап келе жатқанына да бірнеше жыл­дың жүзі болды. Шын мәнінде бұл мереке Тәуелсіз Қазақстан үшін ай­рықша маңызға ие. Еліміздің Тәуел­сіз ел атануының бірден-бір ны­шаны – президенттік институт­тың қалыптасу жолының қайнар бастауы осы күннен басталады. 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қа­зақстан халқы алғаш рет Тәуелсіз мем­лекеттің болашақ тізгінін ұстар үміт­кер­ге дауыс беріп, жалпыха­лық­тық сай­лауда өз таңдауын жа­са­ған болатын. 98, 7% пайыз дауыс­пен бүкіл республика азаматтары­ның қолдауына ие болып, маңдайы жарқырап Нұрсұлтан Назарбаев жеңіс­ке жетіп, тәуелсіз әрі жаңа мем­лекеттің тізгінін қолға алған бо­­латын. Сонымен, 1 желтоқсан –  ал­ғаш­қы сайлау, Тұңғыш Прези­дент­ті таң­дау сияқты өзекті мәсе­лелер шешіл­ген күн. Мемлекет ғұ­мы­рындағы ең алғаш­қы саяси өз­герістерге батыл қадам басқан,  еш­қашан ұмытылмайтын тарихи сәт. Советтік жүйенің колониясынан шық­қан қазақ елін жеке дара мемлекет ре­тінде құруда, әкімшілік-аумақтық тұтастығы мен халықаралық шекара­лық-территориялық бөлінісін шегендеуде, Мемлекеттік рәміздерді бекітуде және көпэтностық халқы бар Отанымызды біртұтас шаңыраққа айналдыруда Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Назарбаевтың рөлі айрықша. Уақыт алға жылжыған сайын Елбасының есімі Тәуелсіздік сөзінің, Қазақстан деген мемлекеттің екінші атауына айналып, біртұтас ұғым, бүтін бітім ретінде дараланып келеді.  Асылында, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев – қазіргі Қа­зақстанның әлем алдындағы саяси беделі, рухани келбеті, биік тұғыры. Жас мемлекет құрылысын сызған архи­тектордың Отанымыздың экономика­лық дамуы мен ішкі-сыртқы халықара­лық байланысының қарыштауында, аймақтар мен елді мекендердің гүл­де­ніп, абаттануында, өнеркәсіп пен биз­нес­тің өркендеуінде, мәдениет пен өнер­дің, спорт пен медицинаның, ғы­лым мен білім, интеграцияның перс­пективалық өсуінде өз қолтаңбасы, өр­негі бар. Сырттың аш­көздігінен, іштің алауыз­дығынан сақ­тайтын да, қорғай­тын да қасиет, ол – мем­лекет азамат­тары­ның бірлігі мен тұтас­тығы, отан­сүй­гіштігі және Тұңғыш Пре­зидентке де­ген құрметі мен ықы­ласы.  Бұл күннің мәні де, мағынасы да – елді сүюге үн­дей­ді, егемендікті қастер­леуге саяды.

Серіктес жаңалықтары