Алматы облысында тұрмыстық қалдықтардан газ бен электр энергиясы өндірілмек

Алматы облысында алдағы наурыз айында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін екі жаңа зауыт салына бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттары әзір тұр. Алатау баурайындағы алып шаһар Алматының іргесіндегі Іле ауданынан құрылысқа қажетті жер телімдері бөлінді. Бұл зауыттардың бірі қазақстан-испан компаниясының қаржысымен бой көтереді. Онда жылына 100 мың тонна органикалық қалдық өңделеді. Ал күніне 19 текше метр қалдық өңдеумен айналысатын екінші кәсіпорын отандық инвесторлардың күшімен салынады. Олар тұрмыстық қатты қалдықтардан газ бен электр қуатын өндіруді жоспарлап отыр.

– Құрылысын 1 жылдың ішінде жасап, оны енгізу жоспарланып отыр. 2020 жылдың басынан бастап, біз толыққанды жұмысты бастаймыз деген ойда бар. Мысалы, қазір Алматы облысында 1 млн тоннаға жуық қалдықтар жинақталады. Оның 530-ы Алматы қаласының маңайынан жинақталады. Яғни бұл зауыттарға шикізат жеткілікті, – деді  облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы Данияр Ысқақов.

Back to top button