ҰЛТ БАСПАСӨЗІНІҢ БІР КЕЗЕҢІ

Қазақ баспасөзінің тарихындағы үздіксіз шығып, уақыттан уақытты алға оздырып, оқырманмен бірге жасап келе жатқан санаулы ғана газет-журнал бар. Соның бірі әрі бірегейі, бүгінгі Тәуелсіз Қазақ елінің бас газетіне айналған ұлт мінбері – Egemen Qazaqstan басылымы. Egemen Qazaqstan деген атының өзі айшықтап тұрған бұл аталы сөз – баталы газетте қазақтың әр дәуірдегі игі жақсылары мен сөз сүлейлері, қалам қайраткерлері еңбек етіп, қазақ журналистикасының тұғырын көтерген. «Ұшқыннан» бастау алған бұл газет – қазақ сөзінің дамуы мен перспективасының тенденциясын айқындаған, журналистикадағы жанрлар эволюциясын түзген ірі әдеби мектеп, қаламгерлер шеберханасы іспетті қара шаңырақ болып, ұлттық сөз бостандығы мен көсемсөздің кеңістігін кеңейткен. 

Egemen Qazaqstan газетінің ең жемісті кезеңінің бірі – «Еңбекші қазақ» болып шыққан сәті. Бұл жылдары газетті шығарған редактордың бірі – ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин. Сәкен сұңқар газетті басқарған жылдары басылым мазмұн, түр жағынан түрленіп, қазақтың ұлттық мәселелерін қозғаған, түйткілді түйіндерді көтеріп жазған ең бір өткір жауапты орган ретінде ел есінде сақталыпты. Сол жылдағы газеттің ескі қиындыларын, сарғайған нөмірлерін оқи отырып, өткеннің тарихымен, ғасыр-ғұмырдың әртүрлі кезеңдерімен танысып, қазақ жазушыларының қалам тартысы, сөз саптауына риза боламыз. Сәкен бұл газетті Үкімет басылымына айналдырып, мемлекеттік деңгейге көтеріп кеткен-ді. Ата басылымның жүзжылдық мерейтойының құрметі үшін жігіт жасындағы Túrkistan газеті өткенді «сөйлетіп», тарих үнін жеткізеді.

ГАЗЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІ

1922 жыл.

Шылымның түтінімен тұманданған тарлау бөлмеде шашы жалбырап бір жігіт отыр. Бұл газет қызметкері еді. Басқармада жалғыз өзі. Газет жетісіне бір-ақ шығады. Бірақ сол жетілік газетке материал таба алмай сасады. Ел хабарын жазатын тілшілер жоқ. Мекеме басында отырған азаматтар қол ұшын бере алмайды.

Алдағы нөмірге керекті материалдар тиісті адамдарға тапсырылса да, олардың бірі де уақытында жазып беретін болмағандықтан, құрастырып-сұрастырып жүріп, 3 беттік материалды өзі жазған. Енді 1 беттік материал керек. Оны қайдан таппақшы?!

Қысылғанда қарманатын жалғыз шкаф бар. Оның ішінде іске жарарлық материалдың жоғын білсе де, шаршаған көңіліне демеу қылайын дегендей ашып жіберіп, қолымен қармана бастады. Қапшық қағаздың ішіндегі бөлек-салақ екі-үш хатқа көзі түсті. Бұл ел адамдарының жазған хаты еді. Бұрын неше рет оқыса да басуға лайықты таппаған. Николайдан бері қозғап жазған құр айқай жыр еді…

Үстелге отырып, берген материалдарын ойымен орындастыра бастады: бас мақала – 100 жол, екі бағананы алады; ішкі-сыртқы хабарлар екі жүз жол… Орындастыра келгенде 4-беттің 3-бағанасына дым жоқ!

Енді не қылмақ керек?

Бүгін таңмен тұрып, «қаламының желі бар» деген адамдардың біразына жолыққан. Бәрінің де айтатыны: «теманы тауып алдым, енді соны жазу ғана керек»! Неге жазып бермейді: ұяла ма, жаза алмай ма, әлде, қолы тимей ме – бұл арасын ашып айтпайды.

Сасып жүргенде редакторына да бір-екі жолығып кеткен.

Оның да айтатыны: ертерек айтқаныңда жазып беретін едім… Айтқанына он күндей болды ғой, бір ай бұрын сауын айтпақшы ма?!..

 

* * *

Телефон шыр ете қалды. Сескеніп кетті. Трубкасын құлағына ұстай қойды:

– Мен газет қызметкерімін.

– Үш жүз жол материал керек. Наборщиктер қарап тұр. Қазір әкеп бермесең, газет ертең шықпай-

ды» – деген дауыс зыңқылдап құлағын жарғандай болды.

Бір газет үшін түн ұйқысын төрт бөліп, бір жетіден бері жүгіргені, ақырында сол ынтыққан газетінің тиісті күнінде шыға алмай қалғаны ішін жарып жібергендей болды. Екі қолымен шашын ұстап, үстеліне отыра кетті…

1925 жыл.

Үстелінің үсті қатарлап жиналған қағаз. Буаз малдың қарнындай теңкиіп жатқан папкасын ақтара түсіп, газет қызметкері отыр. Тілшілер хатын қарап, басылатынын сұрыптап шығарып жатыр. Көп хаттың ішінен бір хатқа шұқшия қарады. Бұл өзінің 4 жылдан бері баулып жүрген алдыңғы қатардағы тілшілерінің бірінің жазғаны еді. Қазақ елін қоныстандыру туралы мақала жазған. Қалай қылып қоныстандырғанда ел шаруашылығын көтеруге болатындығын айтып, бірнеше ұсыныстар көрсеткен.

Газет қызметкері тасып кетті.

Бұдан 4 жыл бұрын іргелі мәселелер туралы газетке мақала керек дегенде іске «маман» деген азаматтардың соңына бір айдай түсіп жүріп жаздырып, ақырында олардың орысша жазғанын қазақшаға аударып, бас қатырушы едік. Бірен-саран қазақша жазғандарының сөз байламы келмей қалушы еді. Енді көз аштық. Ел тілшілері, елдің қалың ортасынан шыққан қалам батырлары тұрғанда баспасөзіміз ақсамақшы емес.

«Жасасын, ел тілшілері, ел кедейлерінің ортасынан қайнап шыққан қалам батырлары» – деді.

Телефон шыр ете қалды:

– Мен газет қызметкерімін.

– Газетіңіздің бүгінгі шығатын санына 100 жол материал керек. Ертеңгі шығатын газеттің материалын кешкі сағат 6-да табыс қылыңыз…

Газет қызметкері күліп жіберді. Ойына өткендегі 22 жылғы материал таба алмай сасатыны түсе кетті.

Енді ол күн өткен. Мынау жатқан тілшілер қаламынан шыққан мақалалар. Біреу емес, ондаған, жүздеген газетке азық болуға жарар деді.

Малай. Газет қызметкері // «Еңбекші қазақ». – 1925. – № 407.

 

4 ЖЫЛ

Бай капиталистер мен кедей-жарлының арасындағы күресте баспасөздің атқаратын қызметі күшті. Әрбір үстем тап қолындағы билікті жібермес үшін жанталасып қару жұмсайды. Сол жұмсалатын қарудың күштісі – баспасөз.

Ресейде байлар мемлекеті дәурен сүріп тұрған кезде баспасөз билігі байлардың қолында болды. Олар қолындағы баспасөзі арқылы істеген бұзықтықтарын бүркеп отырып, жамандығын да халыққа жақсылық қылып ұғындырып жүрді. Патша үкіметінің жауыз саясатын халыққа ашық түсіндіретін баспасөздер ол кезде ашық күреске шыға алмай, жасырын таралатын еді.

Коммунистік партия бастаған кеңес үкіметі билікті қолына алған күннің ертеңіне-ақ баспасөзге ерік берді. Бұл ерік, әсіресе өткен өмірінде баспасөздің не екенін білмей келе жатқан бұратана ұлттарға зор игілік болды. Олардың баспасөзі балалап шыға бастады.

Патша үкіметінің кезінде мықты езілген, мәдениетте артта қалған халықтың бірі — біздің қазақ елі. Октябрь төңкерісінің арқасында қазақ елі де өз алдына мемлекет болып, отауын тікті. Қазақ баспасөзі өрісін кеңейтіп, елдің қараңғы түкпірлеріне дейін тарай бастады. Аз уақыттың ішінде Қазақстанда оннан аса газетті санауға болады. Осының бәрі – Октябрь төңкерісінің жемісі.

Қазақстан үкіметі құрылғаннан кейін бір жылдан соң үкімет тілі болып «Еңбекші қазақ» газеті шыға бастады. «Еңбекші қазақтың» шыққан жылы ел үстіне қара тұман ойнап, ашаршылық-жұттың шеңгелін салған жылы еді. Сондықтан «Еңбекші қазақ» бірінші адымын ашаршылықпен күресу, ел мұңына ем табумен бастады.

Қазақ елінің мәдениеті кем. Баспасөздің не екенін, одан келер пайданы білмейді. Баспасөздің маңызына түсінбеген соң оны алып оқушы да оған көмектесуші болмақ емес. Әсіресе, кедей табының қараңғылығы күшті еді. Олар баспасөздің не екенін білмек түгіл, атын да естіген емес. Сондықтан қазақ тілінде шыққан баспасөздерге ел еңбекшілері алғашқы кезде құлашын тегіс жая алған жоқ, тегіс алып оқи алған жоқ. Бірақ бұл күй ұзаққа созылмады. Ел еңбекшілеріне арнап шыққан баспасөз елді шын тәрбиелей білді. Сана-сезімін оятып, баспасөздің маңына үйірілте бастады. Баспасөздің шын досы екенін еңбекші ел сезе бастады.

Тәжірибе іс жүзінде «Еңбекші қазақ» басқармасына күніне 30-40 хат түседі. Ел арасындағы жолсыз істерді тамырынан қиып құрту, шаруашылықты жөндеу, оқу жұмысын өркендету туралы өздерінің пікірін айтады. Мұның бәрін жазып отырған елдегі «зиялылар» емес, өткен өмірінде газеттің бетін көрмеген, қолынан күрегі түспеген ел еңбекшілері, ел кедейлері!

Бірақ мұнымен қанағаттанып отыруға болмайды. Ел ішінде әлі жазылмай келе жатқан аурулар көп. Елді екі партия қылып бүлдіріп, лай судан балық аулайтын сұмдар жоқ емес. Олар ел ішінде басталып келе жатқан игі істерге кесел болмақшы. Сондықтан ондайға қарсы күрес ашу – күнделікті ісіміздің бірі.

«Еңбекші қазақ» бүгін 4 жылын толтырып, бесіншіге аяқ басып отыр. 4 жылдық өмірінде партияның басшылығы арқасында елдің сана-сезімін ояту, оларды жарық тұрмысқа сүйреу жөнінде қолдан келерін істеді. Бұдан былай да алған бағытымен қызметін мүлтіксіз атқарып отыру үшін еңбекші елдің көмегі, қолдауы керек.

 

4 жыл // «Еңбекші қазақ». – 1925. – №407.

 

ЕСТЕ ҚАЛҒАНДАР

(өткенді еске алу ретінде)

… кеңес көшесінде кездесіп, арызымды ұсындым. Арызым қызмет етуге орын сұрап жазылған еді.

«І кеңес үйінде 46-бөлмеде Әбдірахман деген жігіт тұрады. Олар қазақ тілінде «Еңбекші қазақ» деген газет шығармақ. Емлең дұрыс екен, арызыңды соған бер, солар алар» – деді көзілдірігін киген қартаңдау кісі. Бұл – Ахаң еді.

І кеңес үйіндегі 46-бөлмені таптым. Үйінде жоқ екен. Біраздан келді. Дудардай ұзын қара шашты сұлу жігіт көзін қысыңқырап қарап, арызымды үстінен бір шолып өтті де, бір жапырақ қағаз жазып: «30-бөлмеде Алдоңғарұлы деген жігіт бар, соған жолық» – деп жіберді. Бұл жолыққаным Әбдірахман Байділдаұлы еді.

Қағазында «жараса, мына жігітті қызметке ал» деп жазылған.

30-бөлмеге келдім. Өзімдей жас, сары жігіт кездесті. Бұл Ерғали Алдоңғарұлы еді.

Арызыммен қоса, записканы бердім. Арызымды оқып, жаздырып қарап, қызметке алынатынымды айтты.

Қазір өзімен бірге «Еңбекші қазақтың» қалған материалын ала баспаханаға ертіп баратынын білдірді. Материалдарды порт-феліне салып жатып: «баспахананы сенің бірінші көруің шығар» – деді. «Иә» дедім мен. Дұрысында солай еді.

Баспаханада

Келдік. Баспахана Успен көшесінде, екі қабат үйдің астыңғысында екен. Ішіне кірдік. Терезесін қырау басқан қараңғы, салқын бөлме. Әрекет тым шабан, жай. Он шақты жұмыскер ортадағы кішкене темір пешке от жағып жылынып тұр. Шұқылап бірдеме істеген болады да, тоңдым деп қайта отқа тығылады. Біреуіне жақындап, алдыңғы берген материалдардың теріліп-терілмегенін, газеттің қашан теріліп бітетінін сұрады.

– Бір жұмада теріліп болар,– деді біреуі.

– Нан, отын беріңдер,– деді ашуланып екіншісі.

Нан қайдан берілсін, біздің қолда нан тұр ма, материал ғана берілді. Бірақ сол кезде газеттің бір нөмірі жұмадан артық терілді.

Ол кезде

Ол кезде «Еңбекші қазақта» бас мақала аштыққа ұшыраған гүбірнелерге жәрдем беру керектігіне арналып, хабарларында ішкі Ресейдегі, Қазақстандағы аштардың саны, оларға қанша жәрдем керектігі көрсетілетін. Ол кезде бір ғана баспахана жұмыскерлері емес, жалпы ел, жалпы Кеңес Одағының мұқтажы нан еді, елге нан табу еді, аштыққа ұшыраған елді тойындыру еді.

Қазірде

Бұған үш жыл өтті. Үш жылда адам таңғалғандай өзгеріс болған. Жақын арада баспаханаға бардым. Жұмыскерлердің жапсырма газетін оқысам, бір жұмыскер расходтан ауысқан ақшаны сандыққа сақтамай, кассаға сақтау туралы пікірін айтыпты.

Бүтін мазмұнын аштық, аштықпен күресу, жәрдем шаралары алған «Еңбекші қазақ» қазірде сыртқы елдердегі саяси хал, Кеңес Одағының шаруашылығы, Қазақстан шаруашылығын қалай көтеру, елді қоныстандыру, елді ағарту туралы жазып отыр.

Бұл — Азамат соғысы, одан кейін 22 жылдың тарихи апатынан кейін ел түлеп, шаруашылық жанданып, жаңа жұртшылыққа бет түзегенін көрсетеді.

«Еңбекші қазақ» ауыр, қиын, жағдайсыз шарттардан өтіп, еңбекші елімен бірге жанданып, көркейіп келе жатқанын көрсетеді. Бүгінде баспахана жұмыскерлері «нан» сұрамайды, материал сұрайды. Бүгін «Еңбекші қазақтың» бес жасқа аяқ басқан тойын тойлап отырмыз, енді бес жылдан кейін бүгініміз де ойыншық болып қалар.

 

Есте қалғандар //  «Еңбекші қазақ». – 1925. –№407.

Әуеш Қошмағамбетұлы

 

Редакция таңдауы

Желіде Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреттері жарияланды

Желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген сәтінің фотосы пайда болды. Суретті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. "Тамаша күн. Таңғы серуен....

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды. Бұл туралы студенттің өзі Instagram парақшасында жазды. Жаннұр Ниязбекова – Қызылорда қаласының тумасы. Осыдан 3 ай бұрын 17...

Президент әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құрметті ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен...

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...
158442004 3662776730505306 2640615400679964579 n

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Түркістан облысында шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды, деп хабарлайды...
1431425664 0 0 2000 1126 1920x0 80 0 0 a85846eb13ed3862df362dd8245c2406

АҚШ билігі Еуропаның соңғы диктаторын атады

АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Энтони Блинкен Беларусь президенті Александр Лукашенконы "Еуропаның соңғы...
k ntizbe

9 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

9 наурыз егемен еліміздің өмірінде елеулі орны бар бірқатар маңызды оқиғалармен есте...

Жаңалықтар

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Түркістан облысында шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды, деп хабарлайды Otyrar.kz. Сарыағаш ауданынының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8 наурыз Халықаралық әйелдер...

АҚШ билігі Еуропаның соңғы диктаторын атады

АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Энтони Блинкен Беларусь президенті Александр Лукашенконы "Еуропаның соңғы диктаторы" деп атады. Бұл туралы ол 8 наурызда онлайн режимде өткен 15-ші...

9 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

9 наурыз егемен еліміздің өмірінде елеулі орны бар бірқатар маңызды оқиғалармен есте қалды.  2001 жылы Қазақстан мен Ресей шекараны делимитациялауға кірісті. Кездесулер барысында қазақстандық және...

Кейбір смартфондарда WhatsApp-тың жұмысы тоқтатылады

WhatsApp мессенджері iOS 9 және одан төмен операциялық жүйесі бар iPhone смартфондарында жұмысын тоқтатады. Бұл туралы WABetaInfo тақырыптық порталына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Сонымен, iOS-қа...

Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша

Қазіргі уақытта еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің нақты саны 88409 адамды құраса, оның 49 031-ы, яғни 55,5%-ы әйел адамдар, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Бадам өзенінде балықтар қырылып жатыр

2021 жылдың 8 наурызында «Instagram» әлеуметтік желісінде Бадам өзенінде маринка балығының өлгені туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің...

Қостанайда полиция сыныптасын атып өлтірді

Қостанайда 8-наурызда таңғы 3-те екі сыныптастың арасында шыққан жанжал кісі өлімімен аяқталды. Аталмыш қылмыс туралы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. «Бүгін Қостанайда қатардағы...

Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді

Атырау облысында базарлар мен сауда үйлерінің күн сайын жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған. «Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде кию режимін,...

Аршалы маңында 600 көлік 4 шақырымдық кептелісте қалды

Аршалы ауданы маңында автомагистральдің ортасын жүк көлігі жауып қалып, 600 автокөліктен тұратын 4 шақырымдық кептеліс пайда болған, деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз...

Қазгидромет алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады. «Екатеринбург жақтан көшкен циклон Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жаудырады. 10 наурыз...

Елімізде полиция қатарында 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді

Полиция қатарында ер-жігіттермен бір сапта күндіз-түні аянбай 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау...

Әнші Диляра Дидарқызы «Украина дауысы» байқауына қатысады

Қазақстандық Диляра Дидарқызы «Украина дауысы-11» жобасындағы сынақтан өтіп, Олег Винниктің командасына қабылданды, деп хабарлайды украиналық ТСН арнасы. Диляра әлемдік жұлдыз Мэрайя Кэридің «My All»...

Желіде Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреттері жарияланды

Желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген сәтінің фотосы пайда болды. Суретті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. "Тамаша күн. Таңғы серуен....

Головкиннің келесі қарсыласы

Бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) келесі жекпе-жегін орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1,...

Құрмаш Маханов аэропортта аруларға арнап ән шырқады (видео)

8-наурыз мерекесін «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртістері әйелдер қауымын ерекше форматта құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен бірлесіп өткізілген іс-шара аясында елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақконцерт...

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды. Бұл туралы студенттің өзі Instagram парақшасында жазды. Жаннұр Ниязбекова – Қызылорда қаласының тумасы. Осыдан 3 ай бұрын 17...

Алғашқы ҰБТ 10-наурызда басталады

Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Егер бұған дейін көктем айындағы тестілеу...

Қазақстанның кей аймақтарында жол ашылды

Ауа райының жақсаруына байланысты еліміздің кей өңірлерінде жолдар ашылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді.  07.03.2021 күні 08.00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай-Рахман шоқысы» тасжолының 7-66 шақырымы,...

Жандолла Мандатұлы: Кореяда стипендия арқылы білім алуға болады

Жандолла Мандатұлы – Баян-Өлгий аймағында туған. Авиация инженері мамандығы бойынша Оңтүстік Корея елінің Пусан Ұлттық университетінің студенті. Ол Кореяда қалай стипендия арқылы білім алуға...

Пеле: Мбаппе ізбасарым болады

Әлем футболының королі атанған Пеле болашақта өз ізін «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе басады деп болжайды. - Мбаппе менің ізбасарым бола алады және мен бұны...

Киік мүйізін Қытайға сатқандар ұсталды

Атырауда киіктің мүйізін Қазақстаннан Қытайға сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты. Топты басқарған бұрын ҚХР азаматы болған қазақ, -...

Бітімгер әйел

Елімізде әскери салада әйелдер қауымы елеулі еңбек етіп келеді. Тіптен олардың саны жыл сайын артуда. Заңгер, қаржыгер, телефонист  секілді мамандықтарды игерген. Олар ұшақты басқарып,...

Елімізде 480 адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда бір тәулікте 480 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 54, Шымкент қаласы...

Темекіні оңай тастаудың 5 тәсілі

Дүниежүзінде коронавирусқа қатысты шындыққа сай келмейтін түрлі ақпарат тарады. Осындай мифтің бірі - темекі шегетіндер COVID-19 инфекциясын сирек жұқтырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайлар...

Президент әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құрметті ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен...

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Бүгін Қазақстанда «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аталып өтеді. Биылғы мереке алғаш рет коронавирусқа қарсы карантин шектеулерімен тұспа-тұс келіп отыр. Атаулы күннің тарихы әйелдер...

«Маттео Пеликоне»: Қазақстан спортшылары үш алтын медаль алды

Римде күрес түрлерінен "Маттео Пелликоне" рейтингтік турнирі мәресіне жетті. Еркін күрестен Қазақстан құрамасы соңғы жарыс күнінде үш алтын, екі күміс және үш қола медаль...

Жансай Смағұлов: қолда тұрған алтыннан айырылып қалдым

Ташкентте дзюдодан әлемдік "Grand Slam" жарысында 73 келі салмақ дәрежесінде күресіп, күміс жүлдегер атанған Жансай Смағұлов алтыннан қалай айырылып қалғаны туралы айтып берді.  "Жарыс...

Дабылды ескерту жарияланды

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазгидромет синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 9 облысында дабылды ескерту жариялады. 8 наурызда Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп...

Алматы облысының дәрігер қыз-келіншектері марапатталды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған көп салалы ауруханасына барып, облыстағы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген, індетпен күресте алдыңғы шепте болған бірқатар нәзік...

Дзюдодан париждегі Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды

Дзюдодан 5-7 мамыр күндері Парижде өтуі тиіс Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) баспасөз қызметі хабарлайды.  Франция тарапының...

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс медалын иеленді

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында бақ сынаған Қазақстан балуаны Жансай Смағұлов турнирдің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 73 келіде сынға түскен...

Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі: оқушылар саны 300-ге дейін контингенті...

Қарағандыда көлікте отырған арыстан туралы Экология министрлігі не дейді?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағандыда арыстанды көлігімен тасымалдағандардың оқиғасына пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары бұл мәселені талқылады....

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Қазақстанда апта ішінде болған тағайындауларға шолу

Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Президенттік жастар кадр резервінің төрт өкілі басшылық лауазымға тағайындалды. 1-7 наурыз аралығында...

Ақмола облысының қыздары 4 алтын медаль иеленді

ШҚО Өскемен қаласында жалауын көтерген әйелдер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бәсекеде Ақмола облысының төрт қызы төрт алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық...

Қарағандыда көлік ішіндегі арыстан жұртты таңдандырды

Қарағандыда көлік терезесінен қарап тұрған арыстанның суреті БАҚ пен әлеуметтік желілерде резонанс тудырды, деп хабарлайды NewTimes.kz. Экология министрлігі бұл оқиғаның мән-жайын анықтап, арыстан Қарағанды хайуанаттар...

Индонезияда сегіз жасар бала қолтырауынның асқазанынан шығарылды

Индонезияда сегіз жасар баланың денесі қолтырауынның асқазанынан алынды, деп жазады The Sun. Берілген ақпаратқа сәйкес, баланың еш жеріне зақым келмесе де, аман қалмады. Бала әкесімен бірге...

Женевада адам құқығы туралы ең жақсы фильмдер іріктелмек

Биыл 19-шы Халықаралық кинофестиваль және Женевадағы адам құқықтары жөніндегі форум виртуалды форматта өтеді. Жыл сайын іс-шараға 40 мың көрермен қатысатын. Онымен қоса 25 елден 300-ге...

Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой...

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28...

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне қауіптің  алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болуда. Бұл туралы Алматыда Абай атындағы...

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...