21 Қараша, 21:14 314 0 Қоғам Túrkistan Gazeti

Сингапур моделі – тиімді үлгі

Кеше еліміздің бас қаласында Стратегиялық  бастамалар форумы өтті. Форумға CSI сарапшылары, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың басшылары, қоғам және саясат қайраткерлері, экономистер қатысты.

Маңызды шара барысында ел дамуының өзекті мәселелері, жаңа «өсім нүктелерін» табу жайттары талқыланды. Ең алдымен сарапшылар жаңа экономикалық саясат және банк секторына қатысты мәселелерді сөз қылды. Бұл ретте Стратегиялық бастамалар орталығының бас серіктесі Олжас Құдайбергенов орталық әзірлеген жаңа экономикалық саясаттың Қазақстанда ұзақмерзімді несие көлемін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. «Бірақ ең алдымен проблемалық несиелердің барлығын қайта құрылымдау қажет. Қазіргі кезде банк секторы түбегейлі тексеріліп жатыр, тексеріс нәтижесінде саладағы нақты түйткілдердің бәрі анықталады. Содан кейін қайтарымсыз несиенің бәрін қайта құрылымдап,  банк секторын тазалау қажет. 2007 жылы ішкі жалпы өнімдегі несие көлемі 57 пайызды құраған, біз осы көрсеткішке қол жеткізе аламыз. Алайда бұрынғы қателіктерді қайталамас үшін, алып-сатуға қарсы шараларды қолға алу керек», – деді Олжас Құдайбергенов.

Сондай-ақ форум аясында еліміздің зейнетақы жүйесін Сингапур үлгісінде қайта жаңғырту ұсынылды. Сарапшылардың пікірінше, дәл қазір бұл модель Қазақстан үшін ең қолайлы әрі тиімді үлгілердің бірі. Жаңа модель еңбекақы төлеу қорына салынатын салықты азайтуға да мүмкіндік беретін көрінеді.

 

Соңғы жаңалықтар