Алтын-валюта активі ұлғайды

Алтын-валюта активі ұлғайды

Алтын-валюта активі ұлғайды
ашық дереккөзі
327
Қазақстан Ұлттық банкінің алтын-валюта резервтері 29,5 млрд долларға жетті. Қазан айында резерв қорының көлемі 2,4 пайызға немесе 704,9 млн долларға өскен. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың мәліметінше, алтын-валюта активтінің өсуіне тұтынушылардың Ұлттық банктегі шоттарда шетел валю­­тасындағы қалдықтың артуы, ал­тын сатып алу операциялары мен оған әлемдік баға белгіленімінің өсуі әсер етіп отыр. «Ұлттық қордың шетел валю­­­тасындағы активі қазанда алдын ала деректер бойынша 0,9 пайызға 59,9 млрд долларға дейін ұлғайды. Ел­дің халықаралық резервтері қазан  соңында 89,4 млрд долларды құрады», – дейді Ұлттық банк төрағасы. Алайда еліміздегі валюталық депо­зит­тер 12,1 пайызға төмендепті. Депо­зит көлемі жыл басынан бері 2,4 пайыз­ға төмендеп, қыркүйек айының соңын­да 18,1 трлн теңгеге тұрақтады. Ал шетел валютасындағы салымдарды тең­гемен салымдарға ауыстырушылар қа­тары көбейіп, 9 айда ұлттық валю­тамен салымдар 6,7 пайызға артты. «Де­позит нарығындағы сапалы өзге­рістерге өткен жылы қазанда енгізілген жеке тұлғалардың теңге салымдары бойынша ең жоғары ставка белгілеудің жаңа тәсілі ықпал етуде. Біз ставканың бірыңғай директивалық мәнін белгіле­мейміз. Қазіргі уақытта 6 айға дейінгі қысқа аралықта ставкалар базалық ставка деңгейіне байланыстырылды. Де­позиттік ставкалар барынша ұзақ ара­лықта банктердің нарықтық став­каларына қарай қалыптасады», – деп атап өтті Ерболат Досаев.    

Серіктес жаңалықтары