СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ашық дереккөзі
1507
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Қазақ ұлттық  аграрлық университетінде табиғатты пайдалану және ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі жөніндегі Комитет өкілі Али Бектаевтың, Комитет хатшысы – Рашит Акимовтың, оның мүшелері М.Джумагазиевтің, Б.Еламановтің, Д.Мусинның, А.Нуралиевтың, сонымен қатар ҚР АШМ басшылары мен мамандарының, Алматы облысы әкімдігінің өкілдерінің, НАНТО, ҒЗИ және ТӨШ, ауыл шаруашылығы саласындағы ғалымдардың басшылығымен, ҚР Парламент Сенатының депутаттарының қатысуымен, ҚР Парламент Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Комитеттің шығу отырысы өтті.  Университет, 2010 жылдан бастап ұлттық зерттеу университетіне ауыстыруды жүзеге асыруда. Су шаруашылығының мәселесін шешу үшін ЖОО-да Су ХАБы қызмет етеді. Қонақтардың Су ХАБына келу барысында университет ғалымдары өздерінің жетістіктерімен, ғылыми зерттеу нәтижелерімен, ендірілген зерттеулерімен бөлісті, су шаруашылығы және аграрлық ғылымды дамыту келешегі мен 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының АӨК дамыту Мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру саласындағы өзекті мәселелер, ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген аграрлық ғылым мен білім беруді дамыту бойынша тапсырмаларды іске асыру талқыланды. Университет ғалымдары қонақтарды су мәселелері мен жерді мелиорациялау жөніндегі кешенді ғылыми зерттеу нәтижелерімен таныстырды.Республиканың су ресурстарының ерекшелігі өзен ағынының 90% дейінгі жылдық көлемі көктем кезеңіне келуі, яғни ағын сулардың гидрологиялық режимі ауыл шаруашылық дақылдарына суды тұтыну тәртібіне сәйкес келмеуі болып табылады. Сол себепті суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету үшін су қоймасын құруды қажет етеді. Су шығыны пайдалы қайтару көлемімен сәйкес болатын Қазақстанда су қоймаларының шамаларын есептейтін қолданыстағы классикалық әдістері қолданылмайды. Біздің еліміздің жағдайында өзен ағынын көп жылдан бері реттеу әдістемесін жетілдіру үшін «Су ресурстарын кешенді пайдалану» зертханасында су қоймаларының жұмысын модельдеу бойынша зерттеулер жүргізіледі. Компьютер бағдарламаларымен басқарылатын қондырғыларда су қоймаларының шамаларын есептейтін көп жылдық реттеу әдістемесінің теориялық алғы шарттарын тексеру жүзеге асырылады. Дұрыс пайдаланбау салдарынан 70%-дан көп суландыру құрылыстары жұмыс істеуден шыққан, жаңа құрылыс салуларды тоқтату салдарынан жайылымдарды суландыру еліміздің ең маңызды мәселелерінің бірі болып қалуда. Табиғи су көздері – өзендермен, жылғалармен, көлдермен және бұлақтармен - 40% көп емес барлық жайылым жерлері қамтамасыз етілуі мүмкін. Қалған аумақтарға жер асты суларын көтеру және оларды пайдалану үшін инженерлік құрылыстарды құру қажет. Алыс өріс аумақтарында фермер шаруашылығын сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету үшін ҚазҰАУ ғалымдарымен депутаттарды қызықтырған ресурс үнемдейтін гидрокүштік қондырғылар ұсынылды. Сенаторлар жайылымдағы мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету бойынша Су Хабы ғалымдарының жұмысына жоғары баға берді және ҚазҰАУ зерттеу тәжірибесінде кеңінен пайдалануды ұсынды. Су және жер ресурстарын тиімді пайдалануды анықтайтын суғару және дренаж мәселелері суландыру жүйесінің техникалық жағдайына тікелей байланысты болады. Пайдалану нәтижесінде суландыру жүйелері 60-70% тозды, яғни суармалы жерлердің нашарлауына, ауыл шаруашылық айналымынан шығуға, суағару сулардың артық шығынына, топырақ құнарлығын төмендетуге алып келеді. Мұнда ЖОО ғалымдары келесі мәселелермен жұмыс істейді: - су ресурстарының азаюы, соның нәтижесінде жер қорының шектеулігінен емес, олардың жетіспеушілігі ауыл шаруашылығының дамуын қиындатады; - суармалы егіндіктің шынайы «соры» болған, тұздану және батпақтану үрдістеріне екпінмен тартылған суармалы жерлердің қысқаруы; - су үнемдеу технологиясын пайдаланудың төмен деңгейі және экономиканың аграрлық секторында инженерлік жүйелерді қайта құру қажеттілігі және т.б. Ауыл шаруашылық мелиорациялау зертханасында қонақтар профессор О.Зубаировтың 90% дейін ПӘК суарудың инъекциялық тәсіліне қызықты. «Ауыл шаруашылық дақылдарын суару тәсілдері»  стендінің көрсетілімі отырыс қатысушыларын қызықтырды, су үнемдеу технологиясының тиімділігі мен оларды Қазақстанда пайдалану мүмкіндігі бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Бүгінгі күнде Қазақстандағы барлық ірі гидротехникалық ғимараттар ХІХ жүз жылдығының 40 және 60 жылдарынан кейін құрылғаны және өзінің нормативтік мерзімінде қызмет еткені белгілі. Елімізде 643 гидротехникалық құрылыстар бар, соның ішінде республикалық меншігінде – 61 су қоймасы және 98 сужинағыш ғимараттар бар. Ұзақ пайдалануға және өндірілетін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының  жетіспеушілігіне байланысты ғимараттардың негізгі құрылымдарыныңістен шығуы және көктем су тасу кезінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жоғары ықтималдығы орын алады. Деректердің жоқтығы, сапа мониторингінің және тиімділігін арттыру бойынша шараларды енгізудің жетіспеушілігі, сонымен қатар нормалар мен талаптарды қадағалаудың төмен деңгейі жағдайды қиындатады. «Гидротехникалық ғимараттарды модельдеу» зертханасында сенаторлар Қазақстанның оңтүстігінде қызмет ететін ірі гидротехникалық құрылымдардың апат қаупіне талдау және бағалау жүргізу бойынша біздің ғалымдардың зерттеу жұмыстарын қолдады. Шардара, Бартоғай, Терс-Ащыбұлақ және Күрті су қоймаларының  су торабындағы гидротехникалық құрылымдарды көпфакторлы тексеру бойынша Су Хабы ғалымдарының нәтижелері «Қазақстан Республикасында гидротехникалық құрылымдар қауіпсіздігі туралы» заңды және республикалық меншіктегі су шаруашылық нысандарына қатысты заңнама актілерін әзірлеу үшін негіз болады. Қазақстан аграрлық ел, атмосфераға парниктік газдардың және ауа кірнелерінің қарқынды шығарындылары ел климатының құрғақшылығын жылдамдатады. Бақылаудың гидрологиялық желілерін  қысқарту салдарынан жыл сулылығы туралы ақпарат 60-70%толық ұсынылмайды. Сондықтан да ұсынымдар ретінде Су Хабы ғалымдарынан су нысандарының мемлекеттік мониторинг жүйесін жетілдіру, айырбас үрдісін жақсарту және өзендерде бақылау желілерін кеңейту мен ақпаратты басқару туралы пікір айтылды. Республикада ауыл шаруашылығындағы ағын суларды тазалау, басқару және пайдалану үшін дүние жүзінде пайдаланылатын технология мен тәсілдер трансферті бойынша ағын суларды басқару мәселесі өзекті. «Ағын суларын тазалау кезінде аэробтық үрдістерді басқару» зертханасында қонақтарға екпе ағаштарды суару кезінде тазартылған суды қайта пайдалану үшін «Сорбұлақ» ағын суларын биологиялық тазалау қондырғысының жұмысы көрсетілді. Қорытындыда қонақтар Қазақ ұлттық аграрлық университетінде елдің АӨК дамыту және аграрлық еңбек нарығында талап етілген жаңа формацияда мамандарды сапалы дайындауға қолайлы мүмкіндіктердің жасалғанын растады.

А.Алдиярова ,  "Су ресурстары және мелиорация "кафедра меңгерушісі

 

Серіктес жаңалықтары