АҚШ билігі шетел азаматтарына қуатты жасанды интеллект модельдерін қолдануға шектеу қойды. Осыған байланысты Anthropic компаниясы Claude жүйесіндегі ең қуатты Fable 5 және Mythos 5 модельдеріне шетелдіктердің қолжетімділігін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Компанияның мәліметінше, мұндай шешім АҚШ Сауда министрлігінің ұлттық қауіпсіздікке қатысты талабынан кейін қабылданған. Шектеу тек шетелдегі қолданушыларға ғана емес, АҚШ аумағында жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлерге де әсер еткен. Енді Anthropic құрамындағы шетел азаматтары да бұл модельдерді пайдалана алмайды.
Anthropic әлеуметтік желідегі хабарламасында «заң талаптарын орындау үшін Fable 5 пен Mythos 5 модельдерін барлық шетел азаматтары үшін шұғыл түрде өшіруге мәжбүр болғанын» мәлімдеді.
Бұл шешім АҚШ үкіметінің технологиялық компаниялардың жұмысына тікелей араласуының сирек мысалдарының бірі ретінде бағаланып отыр. Бұған дейін АҚШ көбіне Қытай секілді елдерге чиптер мен стратегиялық технологияларды экспорттауға ғана шектеу қоятын. Ал енді шектеу жасанды интеллектіні кімнің пайдалана алатынына дейін жетті.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай қадам АҚШ-тағы ең озық нейрожелілерді ұлттық қауіпсіздік инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде қарастыра бастағанын көрсетеді. Сонымен қатар бұл шешім халықаралық ІТ-нарықта жаңа технологиялық бөліністерге алып келуі мүмкін.