Месси – жылдың үздік футболшысы

«Барселона» мен Аргентина құрамасының капитаны, Лионель Месси ФИФА нұсқасы бойынша 2019 жылдың үздік футболшысы атанды. Әйгілі футболшы бұл қуанышымен  Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

«Үздік футболшыға берілетін атақты алғаным үшін қуаныштымын. Бұл жеңісімді отбасыма, клубтағы әріптестерім мен достарыма арнаймын. Сондай-ақ, мақсатымызға жетуге үлкен жігер сыйлайтын жанкүйерлеріме арнаймын. Бәріңізді құшақтадым», – деді ол.

Аргентиналық шабуылшыға марапат Италиядағы «Ла Скала» театрында тапсырылды.

Ол дауыс беру нәтижесінде «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду мен «Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейкті артта қалдырды.

Ал үздік қақпашыға берілетін «сыйлықты» Алиссон («Ливерпуль») алды.

2019 жылдың үздік бапкері болып Юрген Клопп танылды.

Back to top button