«7-20-25» бағдарламасы аясында қарыз беруге 10 482 өтінім мақұлданды

«7-20-25» бағдарламасы аясында қарыз беруге 10 482 өтінім мақұлданды

«7-20-25» бағдарламасы аясында  қарыз беруге 10 482 өтінім мақұлданды
ашық дереккөзі
360
Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметі хабарлады. «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша, 201,3 млрд теңге сомаға қарыз алуға 17 804 өтінім қабылданды. Оның ішінде 120,3 млрд теңге сомаға қарыз беруге 10 482 өтінім мақұлданды» делінген Ұлттық банк мәліметінде.
Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар туындаса «Баспана» ипотекалық ұйымына» тәулік бойы жұмыс істейтін +7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша өтініш бере аласыз. Сонымен бірге ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен танысуға мүмкіндік бар.

Серіктес жаңалықтары