Қазақстан Елшісі Беларусь Республикасының Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

Қазақстан Елшісі Беларусь Республикасының Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

Қазақстан Елшісі Беларусь Республикасының Президентіне сенім грамоталарын табыс етті
ашық дереккөзі
346
«Тәуелсіздік» президенттік сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Асқар Бейсенбаевтың Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкоға сенім грамоталарын тапсыру салтанаты өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.  Ресми қабылдау барысында Белорусь мемлекетінің басшысы Елшіні дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, Қазақстанның тұрақты дамуына жоғары баға берді және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттегі жаңа саяси бастамаларына табыс тіледі. Өз кезегінде А. Бейсенбаев көптеген жылдары қалыптасқан қарым-қатынастар стратегиялық мазмұнға ие болғанын атай келе, Елшілік екі мемлекет лидерлері белгілеген екіжақты әрекеттестіктің барлық спектіріндегі ынтымақтастықты күшейтуге қатысты міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салатыны туралы сендірді. Қазақстандық дипломат Беларусь Президентін біздің мемлекет Басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың бірінші Жолдауындағы экономиканы модернизациялау, әлеуметтік саланы жетілдіру және одан әрі демократияландыру шаралары туралы хабардар етті. Кездесу соңында А.Лукашенко Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қ.Тоқаевқа ізгі ілтипатын білдіріп, Елшіге қазақстандық-белорустық ынтымақтастықты күшейту жолындағы қызметіне табыстар оң нәтижелер тіледі.

Серіктес жаңалықтары