ҚР Президенті Джек Мамен кездеседі

ҚР Президенті Джек Мамен кездеседі

ҚР Президенті Джек Мамен кездеседі
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының аясында Ханчжоу қаласына ұшып барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды. «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының аясында Ханчжоу қаласына ұшып келді. Мұнда инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысады. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша «Alibaba» компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесуі, Қытайдың ұлттық шәй мұражайы мен Лэйфен Пагодасын аралауы жоспарланған», деп жазды Берік Уәли.