Қазақстанның Елшісі Иордания Короліне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Елшісі Иордания Короліне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Елшісі Иордания Короліне сенім грамоталарын тапсырды
ашық дереккөзі
Амман қаласында Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Айдарбек Тұматов Иордания Короліне сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. «Басман» корольдік сарайында өткен ресми іс-шара шеңберінде Елші мемлекет басшылығының екі елдің арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі жан-жақты нығайту бойынша дәйекті бағдарын растады. Өз кезегінде Иордания монархы екіжақты қатынастардың тұрақты дамып келе жатқанын жоғары бағалады және Қазақстанның басшылығына өзінің жылы лебізін жеткізуді сұрады. Сол күні Беларусь, Греция, Еуропалық Одақ, Қатар, Марокко, Үндістан, Франция және Чилидің жаңа елшілері де Иордания Короліне сенім грамоталарын тапсырды.