312
Екінші қазақстандық бітімгерлік рота Ливандағы БҰҰ-ның миссиясын жалғастыруда
Екінші қазақстандық бітімгерлік рота Ливандағы БҰҰ-ның миссиясын жалғастыруда
Қазақстан Қарулы Күштерінің 120 әскери қызметшіден құралған екінші бітімгерлік ротасы бес ай көлемінде Ливандағы БҰҰ-ның миссиясында қызмет етуде.
Қазақстандық бітімгерік рота үнді ботальонымен бірге 16 шақырымнан тұратын сеніп тапсырылған аймақты торуылдау сынды белгілі міндеттерді бірлесе отырып орындауда. Бітімгерлер күн сайын жағдайды бақылап отырады және бүгінде ол тұрақты.
Патрульдеуден басқа әскери қызметшілер күнделікті блок-бекеттерде қызмет атқарып, әскери базаларды күшейту мен күзетіне жауапр береді, Сондай-ақ үнді ботальонымен бірге жиі түрде автономдық патрульдерге шығып тұрады.
Бітімгершілік контингенті міндеттерінің бірі, басқа мемлекеттердің бітімгерлік контингенттерінің өкілдерімен және де жергілікті халықпен достық қарым-қатынасты орнату.
«БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясының басшылығы, сондай-ақ үнді батальонының басшылығы Қазақстан армиясы әскери қызметшілерінің дағдылары мен кәсіпқойлықтарына жоғары баға беруде. Миссияны орындаудағы қысқа уақыт ішінде бітімгерлік ротаның әскери қызметшілері «кәсіби-бітімгерлер» деген атақты абыроймен атқарып шықты.
Қазақстан мен Үндістан үкіметі арасындағы «Үнді батальонының құрамына қазақстандық бітімгершілік контингентін орналастыру тәртібі туралы» келісімге сәйкес екінші бітімгерлік рота Ливанға 6 ай мерзімге бірінші ротаны ауыстыру үшін жіберілді.
«БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» - бұл Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихындағы біздің бітімгерлік контингент тікелей қатысып жатқан алғашқы миссия. Осыған дейін қазақстандық әскери қызметшілер тек бақылаушы ретінде ғана қатысқан.
Қазақстандық бөлімшелердің миссияға қатысуы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға септігін тигізеді және де Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде беделін арттырады.