Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
ашық дереккөзі
414
Премьер-Министр Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, онда Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаев бастамашы болған «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысымен, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың өңірлер экономикаларын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.  Үкімет басшысы Қарашығанақ және Чинарев мұнай-газ конденсатты кен орындарында болды, онда «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» және «Жайықмұнай» ЖШС кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

Асқар Маминге 2019 жылдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында 19 759,5 млн текше м газ бен 11,4 млн тонна мұнай өндіру жоспарланғаны баяндалды.

Облыс орталығында — Орал қаласында Асқар Мамин  азық-түлік, жиһаз, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына — «Желаев нан өнімдері  комбинатына», «Кублей» ЖШС консерві зауытына, «Аквакультура тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісінің оқу-ғылыми кешеніне», «Квант» корпусты жиһаз өндіретін фабрикаға, «Болашақ–Т» тұрғын үй құрылысы комбинатына, Орал трансформатор зауытына, шиналар мен құрамында резина бар қалдықтарды өңдейтін «Кама Центр» кәсіпорнына барды.

«Жайықжылуқуат» АҚ аралау барысында ҚР Премьер-Министріне өңірдің жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау саласындағы жағдайы туралы, сондай-ақ жергілікті табиғи монополиялар субъектілерінің жұмысы жайлы баяндалды.

Асқар Мамин Орал қаласындағы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан «Ақжайық» жаңа шағын ауданының және 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысының барысымен танысты.

Асқар Мамин Жоғары аграрлық-техникалық колледжді аралау барысында оқу орнының оқытушылары әзірлеген, ғимараттар мен нысандардың ЗD-жобалау жүйесінің жұмысын қарап, өңірді цифрландыру жобаларымен танысты.

Серіктес жаңалықтары