Гүлшара Әбдіқалықова Мәжіліс комитетінің төрағасы болды

Гүлшара Әбдіқалықова Мәжіліс комитетінің төрағасы болды

Гүлшара Әбдіқалықова Мәжіліс комитетінің төрағасы болды
ашық дереккөзі
359
Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлшара Әбдіқалықова Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Оның кандидатурасын Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ұсынды. «Парламент Комитеттері мен комиссиялары туралы заңның 8-бабына сәйкес, мен осы орынға Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың кандидатурасын ұсынамын. Гүлшара Наушақызы көптеген лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Барлық салада білімі де, тәжірибесі де жеткілікті. Сондықтан осы комитетті басқару үшін Гүлшара Әбдіқалықова лайықты деп есептеймін», деді Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында. Гүлшара Әбдіқалықованың кандидатурасын барлық депутаттар мақұлдады.

Серіктес жаңалықтары