441
Нұр-Сұлтанда модульдік үй құрылысы жүйелерінің өндірісі іске қосылды
Нұр-Сұлтанда модульдік үй құрылысы жүйелерінің өндірісі іске қосылды
Премьер-Министр А. Мамин, Вице-премьер Ж. Қасымбек және Астана әкімі А. Көлгінов №1 индустриалдық парк аумағында салынып жатқан модульдік үй құрылысы зауытында болды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Модульдік үй құрылысы үйлердің сапасына нұқсан келтірмей, шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимараттарды салу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Мәселен, аталмыш технологияны қолдана отырып 16 қабатты үйді 4 ай ішінде салуға болады. Қарапайым құрылыс кезінде бұл процесс бір жылдан астам уақытқа созылар еді. Құрылыс дайын модульдік блоктар есебінен жүзеге асырылып, бөлмені бірыңғай бүтін етіп жинайды. Қазіргі заманғы озық құрылыс технологиясын Германия, Қытай, Сингапур сияқты елдерде пайдаланады.
Премьер-министр А. Маминнің айтуынша, аталмыш жоба тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, құрылыс индустриясын дамытуға серпін береді.
Зауыт 700-ден астам жұмыс орнын ашуға және жыл сайын 400 шаршы метрді пайдалануға беруге мүмкіндік береді.