238
Қостанайлық 47 полицей латын қарпін меңгеріп шықты
Қостанайлық 47 полицей латын қарпін меңгеріп шықты
Қостанай облысының полицейлері латын қарпінде қазақ тілін оқыту курсынан өтті деп хабарлайды облыстық ПД Баспасөз қызметінен.
24 маусым мен 29 тамыз аралығында Тілдерді оқыту орталығында ПД қызметкерлері латын қарпін үйренді. 47 тәртіп сақшысы латын графикасы курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды.
Облыстық ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің қызметкері Әсіман Түгелбаеваның айтуынша, барлық білім алушылар бес топқа бөлініп, аптасына 3 рет білім алған.
- Енді біз өз білімдерімізді жұмыста қолданатын боламыз. Қазір латын қарпі барлық салада қарқын алып келеді, - дейді Ә.Түгелбаева.
Оқу курстарынан кейін білім алшуыларға латын графикасының негізгі ережелерімен кітапшалар үлестірілді.
Еске сала кетейік, Елбасы Н.Назарбаев 2018 жылғы 27 қазанда "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Жарлыққа қол қойды.