Оралда жеңіл автокөлік өртеніп кетті

Оралда жеңіл автокөлік өртеніп кетті

Оралда жеңіл автокөлік өртеніп кетті
ашық дереккөзі
251
Оралда жеңіл автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 1 қыркүйек күні Сарыарқа көшесі 51-мекенжайында сағат 06.26-да орын алды. «Volkswagen Sharan» автокөлігінің мотор бөлігі жанған. Өртті сөндіруге 7 адам, 1 техника жұмылдырылды. «Тілсіз жау» 07.02-де ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталуда. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, автокөлік 5-6 минутта жанып кетеді және көбінесе көлік иесінің көзінше болып жатады. Мұның негізгі үш себебі бар: 50 пайызы қысқа тұйықталудан, 30 пайыздайы қасақана от қоюдан және 20 пайыздайы қосалқы бөлшектердің тозуынан болады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да колледж ғимаратының опырылып түскенін жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары