597
Арыстағы жарылыстардан кейін әскерде реформа жүргізіледі
Арыстағы жарылыстардан кейін әскерде реформа жүргізіледі
Қазақстанда барлық әскери шығыстарды ретке келтіріп, қаржылай нығайтады және жалпы әскери тәртіпті қатаңдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біздің алдымызда жаңа тұжырымдама негізінде жауынгерлік қабілетті армияны қалыптастыру міндеті тұр. Арыстағы оқиғалар Қарулы Күштерде маңызды мәселелер жинақталғанын көрсетті. Ақыр соңында барлық әскери шығындарды реттеу, әскердегі қаржылық және жалпы тәртіпті нығайту қажет. Сонымен қатар әскери қызметтің беделін, Қарулы Күштерді материалдық жарақтандыруды арттыру қажет. Біздің әскеріміз жаңа геосаяси жағдайда ел қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерге тойтарыс беруге дайын болуы тиіс", - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, 24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласында ұзақ уақытқа созылған жарылыстар болған еді. Қоймалардың бірінде өрт шыққан, соның салдарынан оқ-дәрілер жарылған. Қала тұрғындары эвакуацияланып, төрт адам қаза тапқан болатын.