620 жылдық тарихы бар Тайқазанды Ресейден қалай алып келді

620 жылдық тарихы бар Тайқазанды Ресейден қалай алып келді

620 жылдық тарихы бар Тайқазанды Ресейден қалай алып келді
ашық дереккөзі
283
Биыл Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде тұрған Тайқазанның құйылғанына  620 толды. Осыған орай Қарнақ ауылында ауқымды шара болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  Аталған басқосуға елімізге танымал археолог ғалымдар мен тарихшылар және сол кездегі ұсталардың ұрпақтары қатысты. Тайқазан жайлы тарихи деректер мен аңыз әңгімелер өте көп. Оның жалпы салмағы 2 тоннаны құрайды. Ал, сыйымдылығы 3 мың литр болады. Бүгінде қазан құйылған пеш орыны анықталып, сол кезде ол жерде жұмыс істеген шеберлер жайлы зерттелуде.  «Бұл қазанның тарихы ғылыми мәліметтерге өте бай. Біріншіден Тайқазан дүниежүзіне елімізді танытты. Тарихи нышанның Қарнақ жерінде сирек кездесетін 7 түрлі метал қоспасынан құйылғаны ғылыми тұрғыда дәлелденген»,- дейді өлкетанушы Надыр Арзуматов. Тарихи деректерге сүйенсек, Әмір Темір тапсырмасымен құйылған қазан 1936 жылы сол кездегі биліктің тапсырмасымен Санкт-Петербордағы Эрмитажға Иран шеберлерінің көрмесіне қою үшін алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы, тарихи отанына қайтарылады. Тайқазанды Ресейден әкелушілердің бірі оны елге жеткізу оңай болмағанын айтады. «Оны елге алып келу оңай болған жоқ. Көптеген қиындықтарға тап болдық. Екі кран қазанды көтере алмады. Кейін сол жерде қонақүй салып жатқан бір кранды алып келіп едік,  сол көлікке салып берді»,- дейді Тайқазанды алып келген топтың өкілі Дадажан Жамалов. Аталған шара кезінде Тайқазан құйылған орындар мен Қарнақтағы өзгеде тарихи орындарға саяхат ұйымдастырылды.

Серіктес жаңалықтары