Қостанайда «Түркі әлемі» ансамбльдерінің фестивалі өтіп жатыр

Қостанайда «Түркі әлемі» ансамбльдерінің фестивалі өтіп жатыр

Қостанайда «Түркі әлемі» ансамбльдерінің фестивалі өтіп жатыр
ашық дереккөзі
251
Қостанай облысында «Түркі әлемі» ансамбльдері мен оркестрлерінің халықаралық фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ауқымды шара Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында іске асып отыр. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, мұндай фестивальдер түркі халықтарының руханиятын жаңғыртуға септігін тигізеді. «Халықаралық фестивальдің мақсаты – қоғамның тарихи санасын, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-рухани бірлікті дамыту, түркі халықтарының рухани мұрасын жаңғырту, түркі әлемінің өзіндік ерекшелігі мен мәдениетін, дәстүрлерін насихаттау. Бұлар — Елбасы, Ұ лт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында  көрсетілген басым бағыттар. Енді бүгін іс-жүзінде көрініс тауып отыр. Халықаралық фестивальге елімізден бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұртстаннан қатысушылар келіп отырғаны зор мәртебе! Осынау игі бастамаға қолдау білдірген аймақ басшылығына айтар алғыс шексіз», – деді Ерлан Қалмақов. Оркестрлер мен ансамбльдер фестиваліне Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрі, Қырғызстанның Бішкек қаласы мэриясы халық аспаптар оркестрі, Алматы қаласынан «Хассақ»  фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Башқұртстан Республикасы Межгорье қаласынан «ДЭРТ»  халық этно-тобы, Өзбекстан астанасынан «ИСТЕЪДОД» ансамблі, сондай-ақ, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, Башқұртстан Республикасының Халық әртісі, профессор Рамил Гайзуллин келген. Өнер фестиваліне Ташкенттің атақты «ИСТЕЪДОД» дутаршылар ансамблі қатысты. Жас өнерпаздардан құралған ұжым халықаралық байқауларда бірнеше мәрте топ жарған. «Біздің топ 2000 жылы Өзбекстанның К өркемөнер а кадемиясының Республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты жанынан құрылды. Ансамбльдің репертуары өте кең және алуан түрлі. Өзбек, қазақ, тәжік фольклорлық шығармаларымен қатар, әлем халықтарының музыкаларын да орындаймыз. Бұл фестивальге «Рахат» композициясын алып келдік. Мұны 14 - ғасырда біздің ата-бабаларымыз дударға салып ойна ған », - дейді «ИСТЕЪДОД» дутаршылар ансамблінің жетекшісі Насиба Садықова. Бүгін өнер ұжымдары өз елдерінің дәстүрлі әндерімен қатар, қазақ халық музыкасын орындайды. Фестиваль соңында үздік ансамбльдер мен орындаушылар анықталады.

Серіктес жаңалықтары