207
Вашингтон Ауғанстандағы әскерін шығаруға ниетті
Вашингтон Ауғанстандағы әскерін шығаруға ниетті
АҚШ Ауғанстаннан әскерін шама келгенше тез шығаруға мүдделі. Мұндай мәлімдемені осы елдің Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жасады, деп хабарлайды 24.kz.
Оның айтуынша АҚШ бұл елде 18 жылдан бері әрекет етіп, мемлекетті реформалауға барынша көмектескен.
«Бірақ Құрама штаттар Ауғанстанда мәңгі қалмақ емес», - дейді Помпео.
Айта кетейік, биыл АҚШ пен «Талибан» радикалды қозғалысы бірнеше рет келіссөз жүргізіп, Ауғанстандағы жағдайды реттеуді талқылады. Мәліметке қарағанда, жақында өткен кездесуде тараптар елдегі шетелдік әскерді шығару бойынша ортақ шешімге келген.