Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні

Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні

Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні
ашық дереккөзі
340
2009 жылы дәл осы күні Қазақстанның бастамасымен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қарар қабылдады. Енді осы датаға орай Қазақстаннның Ядролық қаруға тыйым салу туралы құжатының ратификациялау грамоталарын табыстау шарасы өтеді. Естеріңізге сала кетейік, 3 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл Тұңғыш президенттің 2045 жылға қарай ядролық қарусыз әлем құру бастамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам болды. Сондай-ақ мереке қарсаңында БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш үндеу жасап, әлем елдерін аталған келісімді ратификациялауға шақырды. Оның айтуынша, бұл күнді барлық ядролық қарудың көзі жойылмайынша атап өту қажет.

Серіктес жаңалықтары