574
МКК Байланыс орталығына түскен әрбір бесінші қоңырау салықтық қарызға қатысты
МКК Байланыс орталығына түскен әрбір бесінші қоңырау салықтық қарызға қатысты
Азаматтардың басым көпшілігін салық төлеушілерді тіркеу, жеке тұлғалар үшін көлік салығы, электрондық счет-фактураны қолдану, салықтық есептілік нысандарын ұсыну қызықтырады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іске қосылған сәттен бастап (толық емес 6 ай ішінде) Байланыс орталығымен 120 мың өтініштер қарастырылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік қызметтерді цифрландыру департаментінің директоры Серік Айсин хабарлады.
Оның айтуынша, салық төлеуші ақысыз 1414 нөміріне қоңырау шалып, қысқа мерзімде мемлекеттік кірістер органдарына уақытты ысырап етпестен онлайн режимінде білікті және жан-жақты жауаптар алды, сонымен қатар салықтар мен кеден заңнамаларын жүзеге асырумен байланысты проблемалық мәселелерді тез шешуге көмек көрсетті, бұл қанағаттанудың жоғары деңгейінің дәлелі.
Осылайша, МКК Байланыс орталығы операторларының жұмысын бағалаған 26 мың азаматтың 90% -ы «өте жақсы» деп бағалады, ал 3% -ы «жақсы» деп бағалады, бұл жалпы 93% құрайды.
Сонымен қатар, байланыс орталығының қызметтері күн сайын танымал болып келеді және салық төлеушілер арасында сұранысқа ие. Егер наурыз айында 11 мыңға жуық сұрау түскен болса, шілдеде 22 мыңнан астам өтініш келіп түскен, бұл 2 есеге көп.
Егер салық төлеуші мәселесін Мемлекеттік кірістер комитетінің Байланыс орталығы деңгейінде шешу мүмкін болмаса, оның желідегі операторы телефон қоңырауын үзбей, өтінішті аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінің маманына жібереді, ол оны онлайн режимінде қабылдайды және оны әрі қарай шешумен айналысады. Мәселен, өтініштердің 14 мыңға жуығы немесе 12% -ы МКД аумақтық бөлімшелерінде Байланыс орталығы арқылы online режимінде шешілді, деді Серік Айсин.
Келіп түскен өтініштердің талдауы көрсеткендей, салық төлеушілерді толғандыратын проблемалық мәселелер бар:
- салықтық қарыз - түскен өтініштерден 20 % жуығында;
- салықтөлеушілерді тіркеу - 12 % жуық;
- жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық - 12 % жуық;
- электрондық счет-фактураларды қолдану - 8 % жуық;
- салық есептілігі нысандарын толтыру және ұсыну - 6 % жуық.
Мемлекеттік кірістер комитетінің аталған проблемаларды шешудің кешенді шараларын қабылдауы нәтижесінде өтініштер қазір айтарлықтай қысқарды:
- Қазаұстан Республикасының резиденттері емес - азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) тіркеу және беру мәселелрі бойынша;
- деректерді бекіту және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын тіркеу және пайдалану мәселері бойынша (БКМ онлайн);
- арнайы салықтық режимін қолдану мәселері бойынша.
Байланыс орталығына жүгіну бойынша ең белсенділер келесі аймақтардағы салық төлеушілер болып табылады:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 23 %;
- Алматы қаласы - 21 %;
- Шымкент қаласы - 5 %;
- Алматы және Қарағанды облыстары - 4 % дан .
Өтінімдер саны аз аймақтар:
- Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары – 1 % дан.
Мемлекеттік кірістер комитетінің 1414 Байланыс орталығы жұмыс күндері таңертеңгі 09:00-ден кешкі 18:30-ға дейін жұмыс істейді, қоңырау ақысыз.