Нұр-Сұлтан басшысы қанша жалақы алады?

Нұр-Сұлтан басшысы қанша жалақы алады?

Нұр-Сұлтан басшысы қанша жалақы алады?
ашық дереккөзі
Жуырда Алтай Көлгінов "Хабар" арнасының "Интервью" бағдарламасында қонақта болды. Журналист қойған сұрақтарға шынайы жауап беруге тырысқан елорда әкімі жалақысының қанша екенін айтты. "Батыс Қазақстан облысының әкімі болған кезде жалақыңыз 762 мың теңге екені туралы ақпарат шықты. Елордаға келген соң көбейді ме?" – деп сұрады тілші Көлгіновтен.

"Жалақым бұрынғыдай. Дегенмен еңбек өтіліне байланысты жоғарылайтынын білесіз ғой. Бірдей жұмыс болғанымен, елордада ауқымдырақ", - деп жауап берді қала басшысы.

Оның айтуынша, астанаға отбасымен бірге көшіп келіпті. "Бұрын мұнда 11 жыл тұрған едім, сол себепті туған қалам сияқты. Отбасым осында, 1 қыркүйекте балаларым сабаққа барады", - деді ол. Сондай-ақ әкім әлеуметтік желідегі парақшаларын өзі жүргізетінін айтты.