Құтқарушылар ағашқа шығып, өздігінен түсе алмаған жасөспірімге көмек көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Өскемен қаласының Севастопольская көшесінде 2014 жылы туылған бала ағашқа шығып, өздігінен түсе алмай қалған. Өтіп бара жатқан қыз құтқарушыларды көмекке шақыруға мәжбүр болды.
"ТЖМ қызметкерлері альпинистік жабдық пен сатының көмегімен баланы түсірді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", - деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.