Енесінің шашы мен бетін бояп беретін күйеу жігіт желіні шулатты (ВИДЕО)

/
Енесінің шашы мен бетін бояп беретін күйеу жігіт желіні шулатты (ВИДЕО)

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила енесі мен күйеу баласының қарым қатынасы жайлы ой қозғап, желіде жарық көрген ерекше видеоны бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақтар бұлардың да видеоларын миллиондап қарайды екен. Пікірлерің оқысаң «Қандай жарасымды», «Шіркін! Осындай күйеу бала болса ғой» деп мақтап жатқан жұрт көп. Біз осы қайда кетіп бара жатырмыз? Парақшасындағы сорақы видеолардың көрілімі қырғын және жұрт ауызының суы құрып, осыларды күндіз-түні қарап, мәз болады екен», - деп жазды кәсіпкер.

Ал ол жариялаған видеодан енесінің шашын бояп, оған күтім жасап жүрген жігітті көруге болады.

«Енем бір жерге барар болса, сұлтан Сүлейменнің сарайына баратындай дайындалады. Мұндайда ең бірінші енемнің шашын бояймын. Сосын бетін бояп беремін. Үшіншіден көйлегін кигіземін. Алтындарын тағамын. Ең соңында сол қонаққа не апаратынын дайындап, сөмкесіне салып беремін», - деді видеодаға ер азамат.

Бұл туралы желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірген.

«Күйеу балаға шашымды тарату былай тұрсын, бетіне тік қарамайды екенмін. Олар да маған тік қарамайды», «Мына әйел мен күеу баласына «тәйт» дейтін күйеуі, туысқан, ағайындары жоқ па?», «Ұят жоқ деген осы. Дарақы...» деп жазды олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары