Газа секторында тағы бір журналист қаза тапты

/
Газа секторында тағы бір журналист қаза тапты

Газа секторында қаза тапқан журналистер саны 228-ге жетті. Бұл туралы Газадағы үкімет жанындағы медиа-офис хабарлады, деп жазды turkystan.kz.

Мәлімдемеге сәйкес, Израиль әскері өлтірген кезекті журналист — фототілші Исмаил Абу Хаттаб.

Абу Хаттаб әртүрлі елдерде Газа секторындағы жағдайды әлемдік қауымдастыққа жеткізу мақсатында фотокөрмелер ұйымдастырғаны атап өтілді.

Ол 2023 жылдың қарашасында Газадағы бір ғимаратқа жасалған Израиль соққысы кезінде жарақат алған.

Газа үкіметі әлемдегі медиа құрылымдарды және халықаралық ұйымдарды палестиналық журналистер мен БАҚ қызметкерлеріне қарсы жасалған Израиль қылмыстарын айыптауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары