Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы әшкереленді, деп хабарлады turkystan.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысын әшкереледі.
Ол жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді ресімдеуге жәрдемдескені үшін Түркістан қаласының тұрғынынан 1 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Күдікті соттың санкциясымен 2025 жылдың 28 маусымында қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Еске салайық, 2023 жылы дәл осы департаменттің бұрынғы бастығы А. Мырзаев қамауға алынып, былтыр 8 жылға сотталып кеткен еді.