Орал қаласындағы дүкендердің біріне жеткізілген нанның ішінен жұмыс қолғабы табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Zhaloby_uralsk парақшасына сілтеме жасап.
Оқиға туралы алғашқы болып дүкен сатушысы әлеуметтік желіде жазған. Ол нанды сатқан кезде қолғапты бірден байқамағанын айтты.
«Мен дүкенде сатушы болып жұмыс істеймін, бүгін осындай нан әкелді. Басында байқамай қалдым. Бұл – сұмдық қой!» — деп жазды ол.
Желіде жарияланған жазба көпшіліктің қызу талқысына түсті. Пікір қалдырғандар таңданысын, ашуын білдірді:
«Бір жұмысшы өзінің қолғабын жоғалтып, іздеп жүрген шығар», «50 жыл өмірімде мұндайды бірінші рет көруім», «Өзім нан пісіретін адаммын. Мұндай нәрсені өндірісте байқамау мүмкін емес. Бұл – салақтық пен тұтынушыға құрметсіздік», - деп жазды көпшілік.