27 Тамыз, 17:22 258 0 Білім Túrkistan Gazeti

Үкімет «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын бекітті

Бүгін Үкімет отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленді. Жобаны әзірлеудің негізгі идеясы -  мұғалімдердің жүктемесін азайту, оларды өздеріне тән емес жұмыстарды орындаудан босату арқылы өзін өзі дамытуға және шығармашылыққа мүмкіндік беру.

Сондай-ақ кәсіби тұрғыдан дамуға және ұстаздардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай  жасау жоспарланған. Сонымен қатар педагог мәртебесін арттыру, оларды ынталандыру міндеті көзделеді. Білім және ғылым министрлігі ұсынған жаңа заң жобасы жалпы осы міндеттерге сай келеді«, - деді Үкімет басшысы Асқар Мамин. Премьер-Министрдің айтуынша, мұғалімдердің жалақысын арттыруға, еңбек демалысын 56 күнге дейін ұлғайтуға, педагогикалық шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған шаралар көзделеді. «

Жалпы, заң жобасын іске асыру мұғалім мамандығының мәртебесін арттыруға педагогтер үшін әлеуметтік кепілдік жүйесін жасауға мүмкіндік береді. «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеу басқа да заңнамалық актілерге түзетулер енгізуді қажет етеді», - деген Асқар Мамин негізгі және ілеспе заң жобаларын дауыс беруге шығарып, оны әріптестері бірауыздан қолдады. Осыдан кейін Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне заң жобасын Парламент Мәжілісіне  1 қыркүйекке дейін енгізуді тапсырды. «Кейін заң жобасын Парламентте талқылау кезінде министр депутаттармен тығыз жұмыс істеуі және педагогтер қауымдастығын хабардар етуі қажет. Сонымен қатар әкімдердің назарына, оқу жылының басталуына бірнеше күн ғана қалды, мектептердің дайындығын бақылаңыздар», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар