«Tax free» түбіртегінің құны қанша болу керек

«Tax free» түбіртегінің құны қанша болу керек

«Tax free» түбіртегінің құны қанша болу керек
ашық дереккөзі
171
ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті «Tax free» жүйесі бойынша шетелдік туристер қандай тауарды қосымша құн салығынсыз әкете алатынын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шетелдік туристер үшін Алматыдағы «Esentai Mall» сауда орталығында «Tax free» жүйесін енгізу бойынша ілкі жоба қолға алынатынын бұған дейін де хабарлағанбыз.  Комитеттің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, бұл жүйе Еуразия экономикалық одағының кедендік аумағына жүрмейді. «Tax free» жүйесіндегі сауда қызметі арқылы сатып алынған азық-түлік емес тауарларға ғана қосымша құн салығы қайта өтеледі. Ол үшін тауарлардың «Tax free» түбіртегінде көрсетілген құны 20 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Сатып алушы Алматы қаласының халықаралық әуежайының шекаралық өткізу пунктінен өткенге дейін сатып алынған тауарларды және «Tax free» құжаттарын, сатып алушыға ресімделген бақылау-кассалық машинаның түбіртектерін, төлқұжатын және отырғызу талонын кедендік тексеруге көрсетеді», - делінген ресми ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары