Қазақстандағы 11 банктің активтері өсті

Қазақстандағы 11 банктің активтері өсті

Қазақстандағы 11 банктің активтері өсті
ашық дереккөзі
268
Қазақстандағы11 банктің актив көлемі арттырылған. Бұл туралы ҚазАқпарат Ranking-ке сілтеме жасап хабарлайды. «Бір айда елдегі екінші деңгейлі банктердің қарыз қоржыны 378,2 млрд теңгеге, маусым айының қорытындысы бойынша 13,6 трлн теңгеге (+2,9%) дейін ұлғайды. Осылайша 28 қазақстандық банктің  21-і айды «+ көрсеткішпен» аяқтап отыр», - деп жазады Ranking.kz. Маусым айында бәрінен ForteBank-тің жағдайы жақсарған. Бір айда қарыз қоржынын 75,8 млрд теңгеге арттырып, жалпы қор 730,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл барлық екінші деңгейлі банк қарыздарының жиынтық көлемінің 5,4 пайызы. Екінші орында мемлекеттік тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұр. Бұл банк бір ай ішінде несие қоржынын 54,3 млрд теңгеге арттырып,жалпы қорды 821,2 млрд теңгеге жеткізген. Барлық екінші деңгейлі банктердің несие портфеліндегі банктің үлесі 5,8 пайыздан 6 пайызға артқан. Көрсеткішін көтерген банктердің бестігіне Kaspi Bank (+ 48,8 млрд теңге), Сбербанк (+ 41,1 млрд теңге) және ЦентрКредит банкі (+ 39,8 млрд теңге) кірді. «Банктер несиелеудің өсуімен қатар, активтер көлемін де өсіруде. Бір ай ішінде көрсеткіш 428,6 млрд теңгеге, жалпы актив қоры 25,4 трлн теңгеге дейін өсті. Мәселен, ForteBank жылдық активтер көлемін күрт ұлғайтып(+86,5 млрд теңге), Халық Банкінен (+101,4 млрд теңге) кейінгі орынға шықты», - делінген сайттың ақпаратында. Активтердің өсуі бойынша үздікер құрамына  Сбербанк (+ 88,9 млрд теңге), Jýsan Bank (+ 52,6 млрд теңге) және Ситибанк (+48,7 млрд теңге маусым айына) кірді. Еске салсақ, Ұлттық банк ҚР Президентінің тапсырмасын бойынша  1 тамыздан бастап банк секторы активтерінің сапасын бағалайтын  AQR жүйесін іске қосты.   Процесс елдің банк секторы активтерінің шамамен 87% - ын алатын 14 ірі банкті қамтиды. Олар:Қазақстан Халық Банкі, ForteBank, Сбербанк, Kaspi Bank, Банк ЦентрКредит, АТФ Банк, Еуразиялық Банк, Jýsan Bank, Bank RBK, Альфа-Банк, Altyn Bank, Нұрбанк, Банк Хоум Кредит және ВТБ Қазақстан.

Серіктес жаңалықтары