783
Сарыағаш ауданына жаңа әкім тағайындалды
Сарыағаш ауданына жаңа әкім тағайындалды
Сарыағаш ауданына жаңа әкім тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен бұл қызметті Отаршиев Мұхит Баймұханбетұлы атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұхит Баймұханбетұлы 1981 жылы 26 қыркүйекте Алматы қаласында туған, білімі жоғары, біліктілігі заңгер, экономист.
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің Жедел қызмет басқармасының жедел уәкілі болып бастаған. 2005 - 2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің патруль полициясының жеке батальонының маманы- инспекторы, жеке батальонының жылдам әсер ету арнайы жасағының инспекторы, Атырау облысы Ішкі істер департаменті қылмыстық полиция басқармасының қылмыстық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі қызметін атқарған. 2010 - 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Балқаш-Алакөл экология департаменті бастығының орынбасары, Жайық-Каспий экология департаментінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді. 2012 - 2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды. 2018 жылдың шілде айынан бастап Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.