Асқар Мамин Татарстанда Дмитрий Медведевпен кездесіп, кәсіпорындарды аралады

Асқар Мамин Татарстанда Дмитрий Медведевпен кездесіп, кәсіпорындарды аралады

Асқар Мамин Татарстанда Дмитрий Медведевпен кездесіп, кәсіпорындарды аралады
ашық дереккөзі
362
Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды.

Татарстанда Асқар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті. Екі елдің Премьер-Министрлері Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин негізін салып, дамытқан стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Тараптар биыл сәуір айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру барысын талқылады.

 /></p>
<p dir=Үкіметаралық келіcсөздер сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі арттыруға, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арналды. Кездесуде сонымен қатар шекара маңы және интеграциялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды.

Ресей — Қазақстанның басты сауда серіктесі. Өткен жылы екі жақты сауда көлемі 13%-ға артып, $18,5 млрд-қа жетті. 2019 жылғы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша тауар айналымы $8,8 млрд құрады.

«Жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту, біздің бизнес-қауымдастықтар арасында тікелей байланыс орнату, сондай-ақ, үшінші елдер нарықтарына тауарларды ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажет», — деп Асқар Мамин, ресейлік нарыққа 60-тан астам позиция бойынша қазақстандық тауарларды жеткізудің жоғары әлеуетін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары