218
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері ғарыш саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері ғарыш саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммад әл-Джаберді қабылдады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады.
«Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері соңғы жылдары елеулі оң серпін алған дәстүрлі достық, әріптестік қарым-қатынастарды байланыстырады. Біз барлық салалардағы өзара тиімді байланыстарды одан әрі де белсенді түрде арттыруға, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарды салыстыруға, Қазақстан-әмірліктік екі жақты қатынастардың құқықтық негіздерін нығайтуға бірлесіп жәрдемдесуге ниеттіміз», - деді СІМ басшысы.
Кездесу барысында әмірлік Елші министрге БАӘ Президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әмірліктерге сапармен келіп қайтуға шақыруын табыс етті.
Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары тең төрағалары болып табылатын Қазақстан-әмірлік үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысына дайындық келіссөздердің ерекше тақырыбы болды. Тараптар бұл комиссия екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің басты тетігі болып табылатынына келісті.
Ғарышты игеру бойынша бірлескен ынтымақтастық кең перспективалары ашады. Осыған байланысты, тараптар №1 алаңда («Гагариндық старт») «Союз» старттық кешенін және ұшыру қызметтерінің әлемдік нарығында сұранысқа ие «Союз-2» орта класты зымыран тасығышын жаңғырту жолымен «Байқоңыр» ғарыш айлағында ғарыш зымыран кешенін құру жөніндегі жобаның маңыздылығын атап өтті. Қазақстан және Эмираттармен қатар Ресей Федерациясыда жобаның серіктесі болып табылады.
Әмірлік тарап БАӘ ғарыш саласын дамытуға қолдау көрсеткені және ынтымақтастығы үшін Қазақстанға алғыс білдірді. Елші сондай-ақ, 25 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағынан бірінші әмірлік ғарышкер Хазаа әл-Мансуридің ұшуы жоспарланғанын және осы стартқа БАӘ Жоғары білім беру мемлекеттік министрі, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Ахмад Белхул Әл Фаласидің қатысуы жоспарланғанын хабарлады.